НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАЯН-ӨЛГЕЙ МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ
17 шілде 2024
1247
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Моңғолияға барған сапарында Баян-Өлгей мұражайын аралады. Бас мүфти мұражайдағы тарихи жәдігерлермен, жергілікті халықтың салт-дәстүрімен танысты.
Баян-Өлгей аймақтық мұражайы 1948 жылы құрылған. Қазір мұражай қорында 6 мыңға жуық көне жәдігер бар. Мұражай ішінде киіз үй тігілген, іші сол заманға сай жасақталған. Киіз үйдің түндігі ашылып, есігі түрілген. Қасында толық жабдықталған ат байлаулы тұр.
Мұражайда ұзындығы 3 метр домбыра қойылған. Мұнда тарихи оқиғаларға қатысты жәдігерлер де баршылық. Мұражайда 1921 жылғы Тұлбакөл шайқасы бейнеленген.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру