Оңтүстік Африка мешіттері азан даусын бәсеңдетуге мәжбүр

14 қыркүйек 2020 5107 0
Оқу режимі

Оңтүстік Африка республикасындағы мешіттер бірінен соң бірі азан даусын бәсеңдетуге мәжбүр болып отыр. Бұған дейін ОАР Соты Дурбан қаласындағы мешіт жанында тұратын азамат шағымын қанағаттандырып, азан даусын азайтуға үкім кескен болатын. Индуизм дінін ұстанатын азамат өз шағымында азан даусы «жекеменшік құқықтарын толыққанды түрде пайдалануға кедергі келтіретінін» жазған. Сот шешімі бойынша, азан даусы көрші үйге естілмейтіндей дәрежеге төмендетілген.

Дәл осындай шектеу үкімі Цван аймағындағы «Расул Джамаат» мешітіне де шығарылып отыр. Құлшылық ордасына Цван аймағының Денсаулық сақтау департаменті хат жолдап, құлшылық ордасының «радио, телевизор, музыкалық аспап, дауыс зорайтқыш жүйелерін» пайдалану құқығы жоқтығын ескерткен.

Аталмыш шектеулерге жергілікті мұсылман жамағаты мен дін басшылары наразылық танытқанымен, сот шешіміне сәйкес азан даусын азайтуға мәжбүр болған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру