Пандемия бастағалы бері бірінші жұма намазы оқылды

14 қыркүйек 2020 4614 0
Оқу режимі

Ирак елінің мешіттерінде өткен аптада алты айдан соң бірінші рет жамағатпен жұма намазы оқылды. Коронвирус пандемиясы кезінде Ирак билігі коменданттық сағат режимін енгізіп, құлшылық ордалары уақытша жабылған болатын.

Алғашқы жұма намазы Бағдад қаласының Садр-Сити ауданындағы мешіт ауласында оқылып, мыңға жуық жамағат қатысқан. Мешіт ауласына адамдар арнайы маска және қолғаппен ғана кіргізіліп, дене қызулары міндетті түрде өлшенген. Сондай-ақ, жамағат арасындағы арақашықтық сақталып, еріктілер тобы әлсін-әлсін зарарсыздандыратын сұйықтықтар шашумен болған.

Айта кетейік, Ирак елі бойынша пандемия кезінде 278 418 жан коронавирус белгісі анықталған. Олардың 7814-і жұқпалы індеттен көз жұмса, 213 817 науқас сауығып кеткен.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру