Пайғамбар мешітінің аумағы кеңейтілетін болды

18 қаңтар 2019 7476 0
Оқу режимі

Сауд Арабиясы билігі Мадина қаласындағы Пайғамбар мешітінің аумағын кеңейту жұмыстары басталып кеткенін хабарлады. Баспасөз құралдарында айтылғандай, кеңейту жұмыстары құлшылық ордасының батыс бөлігіне жүргізілетін болмақ.

 Saudi газетінде жарияланған жаңалықта Пайғамбар мешітінің батыс бөлігінде орналасқан «Ас-Салям» музейінен басқа барлық ғимараттың сүріліп тасталатыны айтылған.

Жоспарда көрсетілгендей, ғимараттарды сүріп тастау жұмыстары екі аптаға созылатын болмақ. Осы уақыт аралығында мешіттің ішкі ауласына өтетін №8 қақпадан №15 қақпаға дейінгі барлық жолдар жабық тұрады.

Қала әкімшілігі сүріліп тасталған сауда орындарының қожайындарына жаңа мекен тауып беретінін мәлім етті.

Работы по сносу уже стартовали.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру