Қатерлі ісіктің төрт түрін жоятын әдіс ойлап табылды
25 маусым 2018
7139
0
Оқу режимі
Орегон штатының Ғылым және денсаулық сақтау университетінің ғалымдары ісіктің төрт түрін жоятын препарат ойлап тапты: сүт безі мен қуықалды без, тоқ ішек пен өкпе. Бұл туралы Nature Communications журналында жазылған.
KBU2046 атты препаратқа тәжірибе жүргізу барысында метастазалардың жойылып, сүйектердің сыну жағдайы төмендейтінін анықталған. Сондай-ақ, ғалымдар бұл препараттың жанама әсері аз екенін айтады. Дәрігер Раймонд Берганның айтуынша, бұл препараттың механизмі оның HSP90β ақуызын фосфорландырудағы өзгерісі.
"Дәрі былай жұмыс істейді: яғни, ол протеинмен байланыса отырып, жасушалардың қозғалысын тоқтатады. Бірақ ол нәруыздың қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді", - дейді ғалым.
Пікірлер
Кіру