ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРИХТА ЕСІМІ ҚАЛҒАН АНАЛАР КЕЛБЕТІ ДӘРІПТЕЛДІ (ФОТО)

11 желтоқсан 2024 1043 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті» тақырыбында шара болып өтті.

Шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, Нұр-Мүбарак университетінің профессоры, PHD докторы, исламтанушы Шамшат Адилбаева, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, Нұр-Мүбарак университетінің докторанты Айгерім Тюреханқызы, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі Күлсара Бекет және мешіт қыз-келіншектері мен ақ жаулықты аналар қауымы қатысты.

Шара барысында ұлт тарихында орны бөлек аналар бейнесі, қазақ әйелінің көркем образы айқындалып, бүгінгі күнгі әйелдер қауымына үлгі алар тұстары сөз етілді. Және шариғат пен дәстүрді біріктіре отырып, әйел жамағатына үгіт-насихаттар жасалды. Әдеп, тәрбие, тектілік, парасаттылық, үлкенге құрмет, сыйластық секілді асыл қасиеттер жиынның өзегіне айналды. Кешке қатысқан әйелдер қауымы мол рухани азық алып қайтты.

Суреттер толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарында

Пікірлер Кіру