ҚМДБ Тексеру комиссиясы мешіттердің кіріс-шығысын тексерді (ФОТО)

13 қыркүйек 2018 7468 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің тапсырмасымен ҚМДБ-ның Тексеру комиссиясы Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне арнайы іс-сапармен келді.

ҚМДБ-ның Тексеру комисиясының құрамында ҚМДБ-ның діни істер бөлімінің меңгерушісі Н.Есмағамбет, бас есепші Б.Мусралиева, кадр бөлімінің меңгерішісі Б.Бекмуратов және Алматы орталық мешітінің бас есепшісі А.Тойбаевалар болды.

Шымкент қаласындағы «Әл-Біләл» мешіті, «Байғұт баба» мешіті, «Қождан ата», «Сейіткәрім қажы» және «Абдул Хамит Мухсим» мешіттерінің кіріс-шығыстары мен мешіттердің инвентаризация санақ жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Тексеру комисиясының төрағасы, ҚМДБ-ның діни істер бөлімінің меңгерушісі Н.Есмағамбет мырза «Әл-Біләл» мешіті, «Байғұт баба» мешіті, «Қождан ата», «Сейіткәрім қажы» мешіттеріндегі есеп-қисаб жұмыстарына байланысты кемшіліктерді тез арада реттеу бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.

Мұнымен қатар, Еңбекші ауданының бас имамы Д.Туленовке ауданға қарасты «Абдул Хамит Мухсим» мешіті (намазхана) ғимараты жеке тұлғаның меншігіндегі жер болғандықтан мешітке барар жол мен ауласын толық ҚМДБ толық өткізу туралы нұсқау берді.

Дереккөз: ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру