ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ОРАЛДА ЕРІКТІЛЕРМЕН КЕЗДЕСІП, АЛҒЫСЫН АЙТТЫ

12 сәуір 2024 1557 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында мүфтият жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілер тобымен кездесіп, насихат айтты.

«Қазақ халқында: «Он адам жүрген жерде із қалады, Мың адам жүрген жерде жол қалады» деген қанатты сөз бар. Сіздер ізгі істерге із бен жол қалдырып жүрген қайырымды жандарсыздар. «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демекші, жақсылық жасау – қанымызға сіңген қасиеттің бірі. «Асар», «жылу жинау» сынды дәстүрімізде бар ғұрыптар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Қазір нағыз халыққа көмектесетін сәт. Ел басына күн туғанда баршамыз бірлігімізді танытып, әрдайым халықтың жанынан табылуымыз керек. Алла Тағала қазақ даласын тасқын судан сақтасын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, «Зекет және қайырымдылық» қорының еліміз бойынша 1200 еріктісі ортақ іске жұмылдырылған.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру