ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАҢА МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

24 мамыр 2024 1334 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бүгін Шымкент қаласында ашылған «Есжанұлы Сейітжан қари» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Мешіт – адамның жүрегі тыныштық тауып, жаны ерекше рухани ләззаттқа бөленетін қасиетті орын. Анығында, бүкіл мүлік Жаратушымыз Алла Тағаланікі. Соның ішінде мешіттерге үлкен құрметті білдірту үшін оларды «Алланың үйлері» деп атаймыз. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Шын мәнінде мешіттер Алланікі» («Жын» сүресі, 18-аят), – деп айтқан. Бұқар жырау бабамыз да осы мағынада: «Хақтың үйі мешітті, Ақты Құдай шешіпті», – деп мешітті «Хақтың үйі» деген. Мұсылман адамның мешіттерді сыйлап, құрметтеуі – оның Жаратушы Алла Тағалаға деген құрметін білдіреді. Сол себепті де әрбір мұсылман мешітті бар ынта-пейілімен жақсы көріп, құрметтеп, барынша әдеп сақтауы қажет. Алла жаңа мешітімізді құтты етсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти жұма намазын жүргізіп, ел игілігі үшін дұға жасады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру