РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТТЕ ШАРИҒИ ҮКІМДЕРДІ ТАНЫСТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

28 қазан 2024 588 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігі Шариғат және пәтуа бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық Бас мешітте шариғи үкімдерді көпшілікке таныстыру бойынша арнайы семинар өтті.

Астана қаласы бойынша пәтуаға жауапты маман, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Дарханұлы Тамирлан ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған шариғи үкімдерді таныстырып өтті. Бүгінгі қоғамда өзекті мәселелер қатарында тұрған әртүрлі пәтуалар көпшілікке түсіндіріліп, мән-жайы баян етілді.

Сондай-ақ, семинардың негізгі тақырыбы жүлделі ойындарға қатысудың шариғаттағы үкімі жайлы болды. Осы мәселе төңірегінде шариғат көзқарасы мен үкімдер жиынтығы ортаға салынып, қатысушылар тың мәліметтерге ие болды.

Пікірлер Кіру