Вестготтардың ежелгі қаласынан мешіттің орны табылды

24 маусым 2019 5611 0
Оқу режимі

Ежелгі герман тайпаларының бірі вестготтардың иесіз қалған көне қаласы Реккополисті зерттеу барысында археологтар ерекше ғимаратқа тап болып отыр. Геомагниттік зерттеу қорытындысы көрсеткендей, табылған қалдықтар салтанатты сарай мен мешіт құрылысына дөп келеді.

Сондай-ақ, үлкен алаңқайы бар ғимараттың қабырғасы құбылаға қарата салынған екен. Ғимараттың ішкі құрылысы да құлшылық ордасына ұқсас салынған. Дегенмен, бұл табылған қазбаның мешіт екендігіне нақты тұжырым жасау үшін әлі де зерттей түсу қажет.

Айта кетейік, Реккополия шаһары кезінде вестготттардың астанасы болған. Оның жасы шамамен 14 ғасырға есептеледі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру