Жаңа Зеландиядағы атыста қаза болған Пәкістан азаматы ерлігі үшін марапатталды

18 наурыз 2019 6518 0
Оқу режимі

Пәкістан билігі Жаңа Зеландиядағы мешітте лаңкестің қолынан қаруды тартып алуға тырысқан сәтінде қаза болған Наим Рашидті ерлігі үшін марапаттауға шешім шығарды.

Ер адам лаңкес «Ан-Нур» мешітіне кірген кезде оның қолынан тапаншаны тартып алуға тырысқан. Бірақ лаңкес оны атып тастады. Рашид Пәкістан азаматы болатын. 

«Пәкістан мемлекеті лаңкесті тоқтатуға тырысып жатқан кезінде қаза болған  Миан Наим Рашидпен мақтанады, оған сол ерлігі үшін мемлекеттік марапат беріледі», - деп жазды Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Twitter-де. Пәкістан сыртқы істер министрлігінің мәліметтері бойынша, Жаңа Зеландиядағы лаңкестік шабуылда тоғыз пәкістандық қаза тапқан. 

«Крайстчерчтегі теракт барысында қайтыс болған Пәкістан азаматтарының отбасына кез келген қолдау көрсетуге дайынбыз», - дейді премьер-министр. 

Айта кетейік, 15-наурызда Жаңа Зеландияда Крайстчерчтегі (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 50 адам қаза тапты, тағы 50 адам түрлі жарақаттар алған. Елдің премьер-министрі бұл оқиғаның теракт екенін айтты. 28 жастағы Брентон Таррант адам өлтіргені үшін айыпталып жатыр, сенбіде сот оны 5-сәуірге дейін абақтыға қамаған болатын. 

Пікірлер Кіру