Жириновский шариғат талаптарына сай қой сойды (ВИДЕО)

02 қараша 2018 7830 0
Оқу режимі

Тәжікстан мемлекетіне ресми іссапармен барған ресейлік саясаткер Владимир Жириновский бұрын-соңды еш жасап көрмеген бірнеше әрекетке қол жеткізді. Тәжік халқының салты бойынша құрметті қонаққа қой сойып, ұлттық тағамдары – курутоб әзірлеуді жоспарлаған екен.

Бұл жайында хабардар болған Жириновский қойды өзі бауыздауды жөн көрген. Жиылған жұртшылық алдында ол қойды бауыздардан бұрын «Бисмилляхи Рахмани Рахим» (Аса мейірімді, аса қамқор Алла атымен бастаймын) деп, көпшілікті тағы бір мәрте таңғалдырды.

Осылайша, адал жолмен бауыздалған қой еті дастарханға келген сәтте ресейлік саясаткер қолмен тамақтанып, тәжіктерді таңғалдыруын тоқтатпады.

Іссапар аясында Жириновский жүзім жинау рәсіміне қатысып, өзінің бұл істі алғаш рет жасап көргенін жеткізді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру