Намазда орын ауыстырудың мәні неде?
19 тамыз 2021
10124
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Парыз намазынан кейін сүннет оқитын кезде көптеген намазхандар басқа бір орынға барып оқиды. Оның сыры не, бұл қандай амал?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаздың сүннетін парызды оқыған орнынан бөлек жерде оқитын. Хадисте: «Сендер (парыз) намазды оқып болған соң, ілгері немесе кейін тұруға шамаларың келмей ме?[1]», – делінген.
Сондықтан, сырттан келген адам жамағат парыз оқып тұрған болар деген ойға қалмауы үшін сүннет намазды тізіліп, сап түземей оқу – мұстахаб[2].
[1] Әбу Дауд, Ибн Мажа, Байһақи
[2] Әл-Ихтияр ли Тағлил Мұхтар, 1-том, 103-бет
Пікірлер
Кіру