Ит сатуға бола ма?

10 қыркүйек 2018 15527 0
Оқу режимі

Бауырым екеуміз бағасы қымбат асыл тұқымды иттерді өсірумен айналысамыз. Сұрайын дегенім, өсірген иттерді сатуға бола ма?


Жауап

Имам Әбу Ханифаның пікірінше, тұрмыстық қажеттілік үшін ит ұстауға тыйым  салынбаған. Яғни, аңшылық мақсатында және үй, қора, мал күзету үшін ит асырауға болады. Себебі, Құранда оларды аңшылыққа пайдалануға рұқсат еткен:

«Сендерге таза нәрселер (дін бойынша халал нәрселер) халал қылынды» де. Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштарды: Алланың атын айтып (аңға) салсаңдар, сендер үшін ұстағандарын жеңдер. Алладан қорқыңдар, күдіксіз Алла есепте өте тез» («Маида», 4 аят).

Иттерді аңшылыққа және үй мен үй жануарларын қору үшін асырау туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде де: «Итті мал бағу мен аң аулаудан басқа мақсатта ұстаған адамның игі амалдары күннен-күнге азаяды» (Бухари, Муслим), – делінген.

Ал сату мақсатында ит асырау – мәкрүһ. Имам Шафиғидің айтуынша, ит «нәжәсүл-ъайн», яғни «нәжістің өзі» болып есептеліп, өзге нәжіс тәрізді құнсыз затқа жатады. Осы себептен ит сауда заты бола алмайды.

Тегтер: ит сауда сату
Пікірлер Кіру