Жұбайлар үйленер алдында жасаған зиналарын айтуға міндетті ме?

09 қазан 2018 14266 0
Оқу режимі

Ерлі-зайыптылардың бірі жасаған зинасы туралы үйленердің алдында айтуға міндетті бола ма?


Жауап

Ислам діні шариғат бойынша адамның айыбын ашуды қаламайды, керісінше оны жасыруға тырысады. Жасалған күнәны және оны жасаған адамды шариғатта да жасырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім осы дүниенің күнәларының бірін жасаса, Алла оны ашпайынша оны жасырсын. Аллаға тәубе етсін, Алла оның тәубесін қабыл етеді», – деген.

Сондай-ақ, күйеуі әйелінің өткен өмірін қазбалап, қандай болғанын айтып беруін талап етуі дұрыс емес. Әйел де оған жауап беруге міндетті емес.

Әйелдің де күйеуінен зина жасағаны, жасамағаны туралы айтуын талап етуі дұрыс емес. Тіпті, ерлі-зайыптылардың бірі қазының алдында зина жасағанын мойындаған күннің өзінде қазы: «Сен ұмытып, қателесіп, шатасып тұрсың» деген сияқты сөздермен райынан қайтаруға әрекет етуге тырысуы керек. Бұған Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір кісі келіп зина жасағандығын айтқан кезде оған: «Мүмкін сен оны сүйген боларсың, мүмкін қолың тиген болар...», – деген сөздері дәлел.

Тегтер: неке талақ зина
Пікірлер Кіру