Оразаның қазасын өтеу жайлы (4 сауал)

15 мамыр 2018 53224 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Рамазан оразасының қаза күндерін бөліп-бөліп тұтуға бола ма?


Жауап

С: Рамазан оразасының қаза күндерінің арасын үзбей тұту шарт па?

Ж: Шарт емес. Ораза тұтушы қаза күндердің арасын қаласа бөліп немесе арасын үзбей тұтуына болады.

С: Рамазан оразасын келесі рамазан айы кіргенше тұтпай кешіктірсе не істейді?

Ж: Әуелі келген рамазан айының оразасын тұтады. Өйткені, бұл уақыты келіп тұрған парыз ораза. Соңынан қаза оразаны тұтады. Оразаның қазасы кешіктірілгені үшін фидия берілмейді.

С: Мойнында рамазан оразасының қазасы бар кісі қайтыс болса. Ол отбасына тұта алмаған оразасының фидиясын беруді өсиет еткен болса, уәлилері (марқұмның иелері) не істеу керек?

Ж: Марқұмның өсиеті артынан қалған дүние-мүліктің үштен бірінен өтеледі. Өсиетті орындаушы туыстары әр қаза ораза күніне бір мұқтаж жанды тамақтандырады[1].

С: Рамазан айының каффараты алпыс күн ораза тұту. Осы алпыс күннің арасын үзіп тұтуға бола ма, әлде бөліп - бөліп ұстауға бола ма?

Ж: Рамазан оразасының каффараты алпыс күн. Алпыс күнді араларын үзбей тұту керек.   

Руслан Қамбаров


[1] Әт-Тасһил әд-Дарури, 127-бет

Пікірлер Кіру