ТАҒДЫРҒА СЕНЕТІН АДАМ АЖАЛДАН ҚОРҚА МА?

17 маусым 2024 2180 0
Оқу режимі

Сұрақ: Көршім намаз оқиды. Бірге отырып қалсақ маған насихат айтады: тағдыр, жақсылық пен жамандық, тәуекел ету, кісі ақысын жемеу деген сияқты т.б. Бірақ, солай болса да өзі өте сақ адам. Тағдырға иман келтірген адамын өлімнен қорқуы ұят емес пе қалай? Мұсылман Аллаға тәуекел етеді емес пе?


Жауап

Жауап: Дана һәм батыр Омардың басынан өткен мына оқиға біздің тәуекел, тағдыр туралы түсінігімізді кеңейтіп, сұраққа жауап болатын сияқты. Өйткені мұнда екі мәселе де (тағдыр мен тәуекел) жақсы көрсетілген. Бір елді мекенде оба ауруы тарайды. Хазіреті Омар бұл аймақтан тезірек кетуге бел буады. Сонда Әбу Убайда ибн Жаррах оба ауруынан қашқан Омар ибн Хаттабты көріп, әзіл мен шын араластырып: – Ей, Омар! Алланың тағдырынан қашып барамысың? – дейді. Омар: – Иә, Алланың бір тағдырынан қашып, екінші тағдырына барамын (Алланың ауру деген тағдырынан, саулық тағдырына қашып барамын), – деп жауап береді. Кейін Омар тақыр жер мен отты жерді мысалға келтіреді. Егер малды отқа жаю үшін шөл жерден, көк жерге қоныс аударатын болса, онда бұл – бір тағдырдан екінші тағдырға ауысу деп түсіндіреді.

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Автор: Қожанов Қасым

Пікірлер Кіру