ШАЙТАНИ ІСТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

18 маусым 2024 2536 0
Оқу режимі

 Сұрақ: Шайтани істер дегенміз не?


Жауап

 Жауап:  Шайтани істер Алла Тағала Құран Кәрімде иман келтіргендерді шайтани істерден сақ болуға үндеп, оларды тізіп шыққан. Хақ Тағала былай дейді:

 ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالأَنصَابُ وَالأَزْلاَمُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ*  إِنَّمَا يُرِيدُ الشَّيْطَانُ أَن يُوقِعَ بَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاء فِي الْخَمْرِ وَالْمَيْسِرِ وَيَصُدَّكُمْ عَن ذِكْرِ اللّهِ وَعَنِ الصَّلاَةِ فَهَلْ أَنتُم مُّنتَهُونَ * وَأَطِيعُواْ اللّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ وَاحْذَرُواْ فَإِن تَوَلَّيْتُمْ فَاعْلَمُواْ أَنَّمَا عَلَى رَسُولِنَا الْبَلاَغُ الْمُبِينُ﴾ 

 «Уа, иман келтіргендер! Шындығында арақ, құмар ойын, пұттар, көріпкелдік жасайтын жебелер – шайтанның істерінен. Сондықтан да олардан қатты сақтаныңдар, сонда құтыласыңдар! Шындығында шайтан арақ пен құмар ойындар арқылы сендердің араларыңа от салып, дұшпандық пен жеккөрушілікті орнатуды, сендерді Алланың зікірінен, намаздан алыстатуды қалайды, сонда да тоқтатпайсыңдар ма?! Аллаға мойынсұныңдар әрі Оның елшісіне мойынсұныңдар, сақтаныңдар! Ал егер кері кетсеңдер, біліңдер, Елшіміздің бар міндеті  анық жеткізу ғана» (Мәида, 90-92).

 Демек, бұл аятта аты аталған шайтани істер мыналар: Арақ-шарап. Құмар ойындар. Пұттар, Көріпкелдік жасайтын жебелер Арақ-шараптың қатарына адамның ақыл-ойынан ажырататын арақ, шарап, виски, сыра сияқты харам ішімдіктермен бірге есірткілер де жатады. Құмар ойындарға пенденің уақыты мен мал-мүлкін зая етіп, имандылықтан алыстататын карта ойнау, ойын автоматтары, ақша салып ойналатын істер жатады. Пұттарға ойдан шығарылған құдайлардың пұт ескерткіштері, пайдасы, зияны болады деп дәріптелетін ескерткіштер, мүсіндер жатады.

Көріпкелдік жасайтын жебелерге қазіргі кездегі болашақты болжау үшін жасалатын барлық әрекеттер: дуалау, балгерлік, құмалақ ашу, жауырын ашу, карта ашу сияқты істер жатады. Мұның бәрі де ардақты аятта айтылғандай нағыз шайтани істер. Мұндай істерді істеген немесе істеткен адамдар имандарынан алыстап, шайтанның шырмауына шырмалған құрбандығы болып есептеледі.

 

Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=219

Автор: Қожанов Қасым

Пікірлер Кіру