Пайғамбардың (с.ғ.с) атынан қажылық жасауға бола ма?

22 қаңтар 2019 11870 0
Оқу режимі

Ассалам алейкум. Қажы апайлардың бірі «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) атынан қажылық немесе умра жасауға бола ма?» – деп сұраған еді. Қайсар Хикмет

Сұрақ: Cәлеметсіз бе. Құрбандықта Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) атынан құрбандық шалуға бола ма? Б.Келесқызы


Жауап

Уа алейкум ассалам. Бұл екі сұраққа Имам Ибн Абидин былай деп жауап берген: «Бадаиғ»[1] кітабында айтылған «басқаның атынан да» деген сөзіне қатысты айтарым: мұндағы «басқаның атынан да» деген сөз Пайғамбарды (с.ғ.с) да қамтиды. Имамдарымыздың ешбірі бұны ашық атап айтпаған. Алайда, басқа мәзһабтарда бұның төңірегінде талас-тартыстар бар. Дегенмен, Имам Субки мен кейінгі келген ғалымдардың барлығы бұның жайыз[2] екенін дұрыс көрген»[3].

Тоқетері: Ханафи мәз=абы бойынша әр мұсылман Пайғамбармыздың (с.ғ.с) атынан қажылық та, умра да жасай алады, құрбандық та шала алады.

Ең дұрысы Аллаға мәлім.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 


[1] Бадаиғус-санаиғ кітабына сілтеме жасалған
[2] Рұқсат етілген
[3] Хашият Ибн Абидин

Пікірлер Кіру