Зинаның тәубесі – үйлену ме?

28 қаңтар 2019 26750 0
Оқу режимі

Сәлеметсіз бе. Егер кімде-кім зина жасап қойса, оның күнәсі әлгі зина жасаған адаммен үйленумен бола ма, әлде үйленсе де күнәсі сол күйі қала ма? А.Б


Жауап

Сәлеметпіз. Бұл сұраққа Мысыр елінің бұрынғы мүфтиі Әли Жұма былай деп жауап қайтарған екен: «Зина – ең үлкен күнәлардың бірі. Оның күнәсін тек шынайы тәуба ғана сейілтпек. Зинаның тәубасы ретінде зина жасаған адаммен үйлену шарт етілмейді. Алайда, ол шынайы тәубе жасауы керек, яғни зинаның күнә екенін ұғынып, оны тастап, жасаған ісі үшін өкініп, оған қайта оралмасқа бел бууы керек. Кімде-кім шынайы тәубе жасаса, зина жасасқан адаммен үйленсін, үйленбесін, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Күнә жасасқан адамды әшкерелемеу адамның әдептілігін көрсетеді, дегенмен тәубе үйленумен тіке байланысты емес. Ал, егер екеуі де шынайы тәубелерін жасаса, әрі екеуінің де үйленуге пейілдері болса, онда олардың үйленгендері жақсы амал болмақ».

Ең дұрысы Аллаға мәлім.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

Пікірлер Кіру