Сәресі мен ауызашарда дәрет алу міндетті ме?

30 мамыр 2018 197967 0
Оқу режимі

Сәлеметсіздер ме? Ораза кабыл болсын! Ауыз ашарда және ауыз бекітерде дәрет алу міндет пе?  Жанси Сарманбаева.


Жауап

Сәлеметпіз. Рахмет, сіздің де оразаңыз қабыл болсын.

Ауызашар мен сәресі уақытында дәрет алу да, дәретті болу да шарт етілмейді. Себебі, ораза ғибадаты дәретпен тікелей қатысты емес.

Дәретті болып таза жүру – өз алдына абзал амал. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): 

الطُّهُورُ شَطْرُ الإِيمَانِ

 «Тазалық – иманның жартысы»[1], – десе, Алла Тағала Құранда:

إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ

«Расында, Алла тәубе етушілер мен тазаланушыларды жақсы көреді»[2],– дейді.

Тоқетерісі: сәресі мен ауызашар үшін дәрет алу қажет емес. Дегенмен, дәретті жүру өз алдына абзал амал екенін ескерсек, ораза кезінде де, оның тысында да қашанда дәретпен жүруге тырысу керек.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 


[1] Муслим
[2] Бақара 222

Пікірлер Кіру