Қайнатаның алдында орамал тағуым міндетті ме?

07 наурыз 2019 12552 0
Оқу режимі

Сәлеметсіздер ме? Былтыр тұрмыс құрдым. Жұмысымыз қалада болғаннан кейін бөлек шықтық. Қазір қайнатам да қалаға келді қыдырып. Бізбен бірге тұрады. Үйіміз кішкентай, үнемі орамалмен жүру ыңғайсыз. Сұрағым: қайнатамның алдында орамал тағып жүруім міндетті ме? Б. Кеңесқызы


Жауап

Сәлеметсіз бе. Алла Тағала Құранда балиғатқа толған қыз баласының кімнің алдында орамал тақпауына болатынын тізбектеп:

 وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا لِبُعُولَتِهِنَّ أَوْ آبَائِهِنَّ أَوْ آبَاءِ بُعُولَتِهِنَّ أَوْ أَبْنَائِهِنَّ أَوْ أَبْنَاءِ بُعُولَتِهِنَّ أَوْ إِخْوَانِهِنَّ أَوْ بَنِي إِخْوَانِهِنَّ أَوْ بَنِي أَخَوَاتِهِنَّ أَوْ نِسَائِهِنَّ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُنَّ أَوِ التَّابِعِينَ غَيْرِ أُولِي الْإِرْبَةِ مِنَ الرِّجَالِ أَوِ الطِّفْلِ الَّذِينَ لَمْ يَظْهَرُوا عَلَىٰ عَوْرَاتِ النِّسَاءِ

«Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға сұлулықтарын көрсетулеріне болады»[1], – деген.

Бұл аяттағы «сұлулық» деп әйелдің күнделікті шаруада ашып жүретін, ауыр әуретке саналмайтын жерлері меңзелген. Яғни, әйел адам жоғарыда аталып өткен адамдардың алдында, (оның ішінде қайнатаның) алдында бас, шаш, бет, мойын, алқам, иық, қол және тізеден төменгі жерлерді ашуға болады[2]. Алайда, олардың алдында іш, арқа және кіндіктен тізеге дейінгі ауыр әурет болып саналатын жерлерді ашуға болмайды.

Тоқетері: қайнатаңыздың алдында орамал тағуыңыз міндетті емес.

Сәттілік иесі Алла ғана.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 


[1] «Нұр» сүресі, 31-аят
[2] Фәтәуә Хиндия

Пікірлер Кіру