Сәресіні ерте ішіп, ауыз бекіткеннен кейін қайта тамақ ішсе бола ма?

11 маусым 2018 23015 0
Оқу режимі

Ассалам алейкум! Сәресіге ерте ниет етіп, алдын ала ауыз бекітіп қойғаннан кейін таң намазына дейін едәуір уақыт қалса, сол уақытта қайта тамақ ішіп немесе әйеліммен жақындассам бола ма? Яғни, ауыз бекіттім деп ниет етіп, қайта ашсам қате болмай ма?


Жауап

Уа алейкум салам! Егер әлі таң намазы уақытының кіруіне біраз уақыт бар болса, онда таң намазының уақыты кіргенше қайта ішіп-жесеңіз де, әйеліңізге қосылсаңыз да болады. Себебі, ораза құлшылығы ниет еткен уақытыңыздан емес, таң намазының кіруімен басталады. Олай дейтініміз, Алла Тағала Құран Кәрімде оразаның уақытын нақты көрсетіп:

وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ مِنَ الْفَجْرِ ۖ ثُمَّ أَتِمُّوا الصِّيَامَ إِلَى اللَّيْلِ

«Және таңнан, қара жіптен ақ жіп айрылғанға дейін[1] ішіңдер және жеңдер. Кейін оразаны кешке дейін толық орындаңдар»,[2] – деген.

Ең дұрысы Аллаға мәлім.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 


[1] Қою қараңғыдан таңның айырылуы, яғни таң намазының кіретін уақыты
[2] Бақара 187

 

Пікірлер Кіру