Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қалай құрбан шалған?

16 тамыз 2018 13195 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қалай құрбан шалған? Сол жайлы қысқа да нұсқа айтып берулеріңізді өтінемін. Ботагөз


Жауап

Уа алейкум ассалам! Иә, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрбан шалған. Сонымен бірге, малды өз қолымен бауыздаған. Ол жайлы бірнеше дерек келтіре кетейік:

1. Әнас бин Малик (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) мүйізді екі қошқарды құрбандыққа шалды. Екеуін де өз қолымен, бисмилла мен тәкбір айтып, (малдың) бүйірін аяғымен басып тұрып бауыздады»[1], – деп риуаят етеді.

2. Айша (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) бір қошқарды алдырды. Оның аяғы қара, іші қара, көзі қара еді. Құрбан ету үшін алдырды. Айша анамызға: «Пышақты алып кел де, оны таспен қайра», – деді. Солай етті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қошқарды жерге жатқызып, бауыздап: «Бисмилла! Уа, Алла! Мұхаммедтен, Мұхаммедтің отбасынан және Мұхаммед үмбетінен қабыл ет», – деп құрбан шалды»[2];

3. Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) Мадина қаласында он жыл тұрды, (әр жылы) құрбандық шалды»[3], – деп риуаят етеді.

 


[1] Бұхари, Муслим
[2] Муслим
[3] Тирмизи

Пікірлер Кіру