Өз шашын өзі қиюға шариғат рұқсат бере ме?

28 қыркүйек 2020 7225 0
Оқу режимі

Сұрақ: Ассаламағалейкум! Адам өзінің шашын өзі қиюына бола ма? Шариғатымызда рұқсат па? Айгерім


Жауап

Уағалейкумуссалам! Ер болсын, әйел болсын шариғатта шаш қиюға тыйым жоқ. Оған дəлел ретінде Муслимде келген Абу Хурайра (р.а.) жеткізген хадисін айтсақ болады. Ол хадисте: «Пайғамбарымыздың жұбайлары шаштарын қысқартатын еді», – делінген. Бул хадиске тусініктеме берген ислам ғұламасы имам Нәуәуи (р.а.): «Бұл хадис әйелдердің шашын аздап қысқартуына рұқсат екеніне дәлел», - деп айтқан. Сол секілді әйел кісілер өз шашын өзі қиюына да болады.

Ескере кететін нəрсе: əйелге төрт жағдайда шашын қысқартуға болмайды.

1) Əйелге ерлер секілді тым қысқа етіп шашын қиюға. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) əйелдердің ер адамға ұқсауына тыйым салған.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қиямет күнінде Алла назар аудармайтын үш кісі бар. Олар: Ата-ананы құрметтемейтіндер, еркекке ұқсауға тырысатын әйелдер  және өз жарын қызғанбайтын еркектер», – деген.

2) Шашын бөгде ерлерге көрсету үшін;

3) Шашын бөтен ерлерге қысқартуға;

4) Күйеуінің рұқсатынсыз қысқартуға.

Пікірлер Кіру