АСТАНА ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІ КӨКТАЛ МЕШІТІНІҢ ҚЫЗДАР ЖӘНЕ ЖАСТАР СЕКТОРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
17 шілде 2025
350
0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінің қыздар секторы мен жастар секторының ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы өтті.
Шара “Көктал” сауда орталығының ойын алаңында ұйымдастырылып, аз қамтылған 20 отбасынан шыққан балаларға арналды. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, тәтті тағамдар мен дәмді дастархан жайылды.
Игі шара барысында балаларға ерекше көңіл бөлініп, оларға қуаныш пен мейірім сыйлау — басты мақсаттардың бірі болды. Бұл — мешіт жанындағы секторлардың белсенділігінің, қоғамға деген жанашыр көзқарасының көрінісі.
Көктал мешітінің ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын тұрақты түрде өткізуді жалғастырмақ.
Пікірлер
Кіру