АСТАНА ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІ КӨКТАЛ МЕШІТІНІҢ ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ БУРАБАЙДА РУХАНИ СЕРУЕН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТА)
15 шілде 2025
412
0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінің жастар ісі секторы мешіт жамағаты мен шәкірттердің қатысуымен Бурабай демалыс аймағында рухани серуен ұйымдастырды. Іс-шара “Біз жастармен біргеміз” жобасы аясында өтті.
Серуен барысында табиғат аясында пайдалы уағыз-насихаттар жүргізіліп, жамағат арасында ауызбіршілік пен бауырмалдықтың маңызы, ата-анаға деген мейірімділік пен құрмет жайында тағылымды дәрістер айтылды.
Мұндай рухани іс-шаралар жастардың имандылыққа бет бұруына, мешітпен байланысының нығаюына және жамағат арасындағы ынтымақ пен бірліктің артуына үлкен септігін тигізеді.
Көктал мешітінің ұжымы алдағы уақытта да осындай тағылымды, тәрбиеге толы жобаларды тұрақты түрде өткізуге ниетті.
Пікірлер
Кіру