БАС МҮФТИ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА

17 шілде 2025 377 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Бас мүфти жұмыс сапарын Өскемен қаласындағы «Әл Фараби» мешітінің жамағатымен жүздесуден бастады.

Құптан намазына жиналған жамағатпен жүздесуде Бас мүфти ізгілікке ұмтылу, қоғамға пайдалы болу және мұсылманның белсенді болмысы жөнінде уағыз-насихат айтты.

«Мұсылман адам жалқаулық пен әлжуаздықтан аулақ болып, еңбекқор әрі игі істерде белсенді болуы қажет. Адамның бойындағы күш-қуат – Жаратушы берген үлкен нығмет. Бұл нығметті пайдалы амалдарға жұмсау – Аллаға шүкіршілік білдірудің бір көрінісі. Сондай-ақ, кез келген ұлы істі ұлы мақсат алға жетелейді. Мақсаты биік адам әрекетте де белсенді болады. Тарихта аты қалған ұлы тұлғалардың барлығын биік мақсат жетелеген. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алладан сұрасаңдар, Фирдаусты сұраңдар» деп, мұсылманның мұраты биік болу керектігін меңзеген», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти уағыз-насихаттан соң мешіт жамағатымен бірге құптан намазына қатысып, ел амандығы үшін арнайы дұға жасады.








Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру