Кедей болсаң да үйлен

«Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деп жатамыз. Өйткені шаңырақ құрғаннан кейін адамның еңбекке деген құлшынысы да артады. Дүниесін үнемдеуді, есептеп, орын-орнымен жұмсауды үйренеді. Ал үнемшіл үйге береке жауады. Құранда былай делінген:

«Егер олар кедей болса, Алла оларды шексіз шарапатымен байытады»[1]. Шаңырақ құру жастарды байсалдылыққа, сабырлы, төзімді болуға тәрбиелейді. Ұшқалақтық пен жеңілтектіктен арылтып, ақылды толыстырады. Үйлену арқылы адам баласы өзін түрлі күнәлардан қорғайды. Бұл турасында Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Уа, жастар, араларыңдағы үйленуге шамасы жететіндер үйленсін. Себебі, көз зинасынан да, іс-әрекетпен жасалатын зинадан да ең күшті сақтану жолы – үйлену. Бұған шамасы жетпегендер ораза ұстасын. Себебі, ораза ол үшін қорған»[2], - деп кеңес берген.


[1] «Нұр» сүресі, 32-аят

[2] Бұхари, Никаһ, 1

date21.02.2017readCount16572printБасып шығару