Шаш күтімі. Қайызғақты қалай кетіреміз?

Сабынның орнына айран немесе жұмыртқаның сарысын пайдалануға болады. Айранды бастың терісі мен шашқа жақсылап жағып, басты орамалмен байлап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. 1-2 жұмыртқа сарысын ағынан айырып, ішінде аздаған мөлшерде суы бар ыдысқа құйып араластырып, шашты сонымен жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды. Шашты жуып болған соң оны жұмсақ сүлгімен сүрте отырып, кептірген дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында бірнеше сағат бұрын кез-келген өсімдік майымен майлайды.

 

Шашты тарау

Қысқа шашты түбінен, ұзын шашты ұшынан бастап тарайды. Тарақтың тістері сирек және өткір болмасын. Шашты щеткамен тараса, ол жақсы тазалайды, бас терісінің қан айналымын жақсартады. Щеткамен шаштың түбінен ұшына дейін бірнеше рет жатқыза тарайды. Щетка қатты, бірақ тікенекті болмағаны жақсы. Басқа біреудің тарағын, щеткасын пайдалануға болмайды.

Ауыр және тар бас киімдер, күн сайын парик кию теріге салмақ түсіріп, шашқа ауаның баруын қиындатып, шаштың түсуіне себеп болады. Күннің, желдің, теңіз суының, шаңның әсерінен шаш күңгірт тартады, құрғайды, қатаяды. Суық та шашқа зиянды. Сол себепті суық күндері міндетті түрде бас киім киіп жүрген дұрыс. Шаң-тозаңда жұмыс істегенде басқа орамал байлайды, жеңіл, алайда шаң өткізбейтін бас киім киеді.

 

Қайызғақты кетіру

1. Қайызғақтан шаш түсіп, адам басы тіпті тақырбас болып та қалады. Қазақ даласында оған ем болатын өсімдік-алабұта (алабота деп те атайды), сора шөптер. Оларды жинап алып кептіреді, қажет кезінде түйгіштеп ұнтақтайды да сиырдың айырған майына қосып қойыртпақ ботқа жасайды. Соны басқа жағып, басты орамалмен байлап жүреді. Күн аралатып басты ыстық сумен жуады. Шаш тым қалың болса сабынды қолданады. Жалпы, қайызғақ кеткенше басты сабынмен жумай тұра тұрған дұрыс. Тарақпен тараса да жеткілікті.

2. 100 гр қалақай жапырағын жарты литр суға сірке суымен қосып, жарты сағат қайнатады. Қайнап болған соң сүзіп, ештеңе қоспай, тек өзімен ғана 8-10 күн сайын басты жуады.

3. Құрғақ шаштағы қайызғақты былай кетіреді: тініке ожаудың немесе кішкене мес- кенің түбіне 3 қасық өсімдік майын құяды. Шамалы қыздырады. Шаштың арасын жік-жік етіп алып, мақта оралған таяқшамен әлгі жылы майды шаштың түбіне, құйқаға жағады. Сосын басқа полиэтилен қалта киіп, сыртынан түкті сүлгімен орап тастайды. Сосын мынандай қоспа әзірлейді: 3 қасық өсімдік майын тініке ыдықа құяды, оған 2 шай қасық алма сірке суын қосады, шамалы қыздырады. Бұл қойыртпақты шашқа жағып, 2 минуттан соң жұмыртқанын сарысы қосылған жылы сумен шашты жуады. Мұнан кейін 1 леген суға 1 шай қасық сірке суын қосады, шашты соған малып шайып тастайды. Шаштың ағаруы Шаштың ағаруы адам ағзасының мал өнімдерін тым көп тұтынуынан да болады. Шашы ерте ағарған адамдардың миға қан құйылу, жүрегінің қабынуы, қысылуы, құяң, артрит тәрізді ауруларға бейімділігі басқаларға қарағанда өте жоғары.

Адамдар қартая бастағанда шаштары пигменттерін жоғалтып, ағара бастайтындығы анық. Шаш адам 20-30 жасқа келгенде де ағара бастайды дейді дәрігерлер. Ал ағарған шаш жіңішкере түседі екен. Дұрыс күтілмеген шаш немесе ол ауруға шалдықса, адам созылмалы ауыруға ұшыраса да шаш түседі. Алкогольден, темекіден созылмалы улану да шашқа өте зиянды.

date29.03.2017readCount1992printБасып шығару