Өтпенов Наурызбай Тағанұлы

 

Өтпенов Наурызбай Тағанұлы 1977 жылы 13-наурызда ОҚО, Түлкібас ауылында дүниеге келген.

БІЛІМІ:

* 1993-1997 жылдары Ташкенттегі «Имам әл-Бұхари» атындағы Ислам институтын тәмамдаған.

* 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтында білімін жетілдірген.

* 2009 жылы Мысыр Араб Республикасындағы білім жетілдіру курсында біліктілігін арттырған.

* 2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетнің «Тарих» факультетін бітірген.

* 2011-2013 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетнің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын үздік тәмәмдаған.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

* 1997-1999 жылдары ОҚО, Түлкібас ауданы, «Көкірек ата» мешітінің имамы;

* 2001-2005 жылдары ШҚО, Аягөз ауданының Бас имамы;

* 2005-2006 жылдары Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің наиб имамы;

* 2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды Орталық мешітінің Бас имамы;

* 2011 жылдың cәуір-қыркүйек айларында Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің Бас имамы;

* 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы;

* 2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы.

* 2013 жылдың 20-қыркүйегінен бастап ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы болып қызмет атқарған.

*2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқаруда.

МАРАПАТТАРЫ:

Аягөз ауданының құрметті азаматы (2005 жыл);

Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасы (2009 жыл);

Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалі (2011 жыл);

Астана қаласы әкімінің алғыс хаты (2014 жыл);

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойлық медалі (2016 жыл);

«Құрмет» ордені наградасы (2016 жыл);

Астана қаласы әкімінің құрмет грамотасы (2017жыл).

Бас имам
date30.03.2017readCount2642printБасып шығару