Бұл дұғаны әрдайым оқып жүріңіз!

Дереккөздерде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы дұғасына қатысты бізге жеткен екі түрлі хадистің бірін белгілі сахаба Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген. Әбу Хұрайра (р.а.): «Бірде Әбу Бәкір (р.а.): Уа, Алланың елшісі! Маған күн сайын таңертең және кешкісін оқитын бір дұға үйретсеңіз жақсы болар еді, – деп өтініш жасады. Сонда пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) досының өтінішін кері қайтармай оған осы дұғаны оқуды ұсынды», − деген. Осы дұғаға қатысты екінші хадис Әбу Үмәмадан (р.а.) жеткен. Әбу Үмәма (р.а.) Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сахабаға осы дұғаны үйретіп, оған әрдайым оқып жүруді тапсырғандығын айтқан[1].

Аллаһуммә инни әс'әлукә нәфсән бикә мутмә'иннәтән ту'мину билиқаа'йкә уә тарда би қадаа'йкә уә тәқна′у би ‘атаа'йкә.

Мағынасы: Уа, Аллаһым, Өзіңмен жан тыныштығына бөленген, Өзіңмен қауышатынына кәміл сенетін, айтқан үкіміңе разы болатын және бергеніңе қанағат ететін нәпсі сұраймын!


[1] Файдуль-қадиир, 4-том, 521-бет; Му‘жәм әл- кәбиир, 8-том, 99-бет; Тәфсир Ибн Кәсиир, 4-том, 512-бет

date04.04.2017readCount9810printБасып шығару