Нанды да жемеді, сүтті де ішпеді

Бірде Ұлы қолбасшы Халид ибн Уалид дұшпанға қарсы неше күн қиян-кескі ұрыс жүргізіп, шаршап-шалдыққан әскерімен бірге кеш бата қосқа кеп аялдайды. Халид ибн Уалидке сүт пен нан ұсынады. Салқын сүт пен жұмсақ нанды байқаған ұлы қолбасшы: "Күннің мынандай ми қайнатар аптап ыстығында нан қатып, сүт бұлай салқын сақталмауы керек еді. Бұларды қалай сақтадыңдар" - дейді таңданысын жасыра алмай. "Құмды терең етіп қазып, сол жерге көміп қойған едік" - деген жауапты естіген қолбасшы: "Дәл осындай салқын сүт пен жұмсақ нанды" барлық әскерге түгелдей бердіңдер ме? - деп күмән аралас сауалын қояды артынша. "Әрине жоқ. Ол мүмкін емес қой" - дейді асқа жауапты кісілер. Дәл осы сәтте Ұлы қолбасшы: "Дұшпанмен соғыста әскерімен бірге болып, асқа келгенде олардан өзгеше тамақтанған қолбасшы болудан Құдай сақтасын", - деп салқын сүт пен жұмсақ наннан бас тартады.

date20.04.2017readCount2792printБасып шығару