Бай ма, кедей ме?

Оқиғаны сахаба Сәхл ибн Сағыд (р.а.) баян етеді:

«Бір күні Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасынан бір бай кісі өтіп бара жатты. Оған көз салған Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Мына кісі жайында не дейсіңдер? – деп сұрады.

Қасында отырғандар: – Бұл адам егер бір әйелмен үйленгісі келсе оған некелесуге, біреуді қол астына алса, қамқорлығы қабыл етілуге, көзқарасын білдіргенде сөзі тыңдалуға лайықты кісі», – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үндемеді. Сол кезде қастарынан мұсылман кедей кісі өтті.

– Ал мына кісі туралы не дейсіңдер? – деп Алла елшісі жанындағыларға сұраулы жүзбен қарап еді, отырғандар:

– Бұл адам бір әйелмен үйленгісі келсе онымен отау көтеруге, біреуді қанатының астына алса қамқорлығы қабыл етілуге, көзқарасын білдіргенде сөзі тыңдалуға лайықты емес», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Әлгі кедей жаңағы бай кісідей мыңдаған адамнан қайырлы, – деді[1].


[1] Бұхари, Риқақ, 16; Ибн Мәжә, Зуһд, 5

date02.08.2017readCount889printБасып шығару