Шиенің пайдасы шаш етектен...

Шие – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Шие тұқымдасында 200 жуық түрі бар. Қазақстанда 7 түрі таралған. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда, құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі және желсіз, ық және күннің көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Жемістері тегіс – домалақ пішінді, орташа салмағы 35 грамм, түсі күңгірт-қызыл, қанық қызыл және ашық қызыл болады. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Сүйегінің үлкендігі 15 мм-дей. Жемістері дәміне қарай тәтті және қышқыл болып екіге бөлінеді. Еті тығыз, шырынды. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, маусым-шілде айында жемісі піседі. Шие ағашы 30 жылдай өмір сүреді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Бір ағаш 100 кг-нан астам жеміс береді. Шиені көктемде отырғызған жөн. Күзде отырғызылған көшет, қыс суық болса, ауырып қалады. Отырғызғаннан кейін 1-ші жылдан бастап жылда қырқу-кесу жұмыстарын жүргізу керек. Шие тез тармақталып өсетіндіктен, бұтақтарының арасы тығыз болып, бір-біріне кедергі жасайды. Қырқу-кесуді ерте көктемде, өсімдік әлі «ұйықтап» жатқанда жасайды. Шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті. Жемісінен шырын, тосап, компот, джем, шәрбәт жасайды және аспаздықта түрлі десерттер жасауға қолданылады. Шие қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В, РР дәрумендеріне, каротинге, сонымен қатар минералдар мен кальций, темір, фосфор, магний, калий мен микроэлементтерге бай, әсіресе, мыстың мөлшері көп. Шиені медицинада гемоглобинді көтеру, қан тоқтату, суық тигенде ыстықты басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитта жөтел мен қақырық шығаруға қолданады. Буындардың сырқырауы, жас жапырақтарының дене сыртындағы жаралар үшін шипалық қасиеті мол.

Дәмі, түсі және хош иісімен керемет жемістердің қатарындағы шие, аспиринге ұқсайды. Зерттеушілердің айтуы бойынша күніне жиырма дана шие жеу, бір аспирин дәрісін ішкенмен бірдей. Шие қанды сұйылтып, денені тазалайды.

  Қанды сұйылтып тазалайтын шие, бауыр мен өтті де тазалайды.

  Бүйректердегі зиянды заттардың шығуына көмекші болады.

  Іш қатуын кетіріп, ас қорытылуын жеңілдетеді.

  Шиенің құрамында көмірсулар, пектин заттары, органикалық қышқылдар, В2, С және А дәрумендері бар.

  Шие асқазан, ішек және несеп жолдары ауруларына өте пайдалы болумен қатар, бауыр ауруларына да пайдасы бар.

  Аш қарынға желінген шие аздырады.

  Шие, асқазандағы жараны, қабынуды және шиқандарды кетіреді.

  Шиені тұрақты тұтынылған жағдайда бүйрек және қуық жолдарын құмдардан тазалайды.

  Бауыр ісуінің алдын алады.

  Өтті қалыпты жағдайға түсіріп, жүйкелерді қуаттандырады.

  Шие шырыны теріге жағылса дақтарды кетіреді.

  Безеулердің кетуіне ықпал етеді.

  Ревматизм, артериосклероз және буын ауруына пайдасы бар.

  Шие жемісі ауруды басуда аспириннен де әсерлі.

  Шие жемісі әрі холестериннің, әрі қанның құрамындағы шекердің азаюына көмекші болады.

  Шиенің құрамындағы хинин қышқылы, бүйректерде тас және құмның қалыптасуының алдын алуы мүмкін. Егер тас бар болса уақыт өтумен түсуіне көмектеседі.

  Қанның құрамындағы зиянды заттардың денеден шығуына ықпал етеді.

  Шамадан тыс дәрі қолданудан бауырда пайда болатын жүктің азаюына көмекші болады.

  Құрамындағы А витаминінің маңызды қайнар көзі болған каротин, көз проблемаларының алдын алуға көмектеседі.

bilim-all.kz
date04.08.2017readCount1363printБасып шығару