Сахабалар оқу-жазу білмеген

Ислам келмей тұрып арабтар ғылымға көп қызығушылық таныта қоймаған. Өздерінің күнделікті тұрмысына ғана қажетті білімге ие еді. Бүгінде біз оларды былай деп топтастыра аламыз.

1. Ырым-тыйым мен салт-дәстүрлер;

2. Аңыз-әңгімелер;

3. Бал ашу, көріпкелдік;

4. Жұлдыз бен аспан әлеміне қатысты сенімдері.

5. Медицина. Көшпенділер арасында, қарапайым қалаларда біраз дамыған;

6. Мал дәрігерлігі. Әсіресе, жылқыға маңыз берілген;

7. Ауыз әдебиеті мен өлең;

8. Шежіре;

9. Жер тану;

10. Түс жору[1].

Сонымен бірге ол кездегі салт-дәстүрлердің көбінің жібі түзу емес еді. Әйелдерге деген құрмет жоқтың қасы. Әкесі қайтыс болса ер жігіт өзінің шешесін әйелдікке алатын. Қыз баланы тірідей көметін еді[2].   

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) осындай қоғамды тура жолға салу керек болды. Құранда да Елшінің (с.ғ.с.) міндеті тура жолды көрсету, жақсылыққа шақыру екені айтылады.

Ислам келген уақытта, дүние-жүзі бойынша ғылым әлі үстемдік құрмаған, сауаты бар адамдар қай жерде болса да тапшы еді. Араб елдерінде де солай болды. Пайғамбарлық келген кезде Меккеде 15-20 шақты адамның ғана сауаты бар еді[3]. Бұлардың арасында хазірет Омар, Осман, Әлилер бар. Ал Мәдинада тіпті жоқтың қасы. Хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) айтқанындай, сол кездегі арабтар «оқу-жазу білмейтін үмми» болды[4].


[1] Хусейн Услу, Башлангычтан гүнүмүзе Ислам мүессеселери тарихи, Стамбул 1985.

[2] Ғұсман Кескиоғлу, Сияри Нәби, Анкара 1995, 7 б.

[3] Мухаммед Хамидуллах, Хадис тарихи, 1967 16 б.

[4] Бухари, Саум 13, Муслим, Сиам 15

date08.08.2017readCount350printБасып шығару