Ұрыны қалай анықтады?

Тауыс құсы Әбу Ханифа заманында біреудің тауыс құсы жоғалады. Құс иесі ұрыны таба алмай дал болып, Әбу Ханифаға келеді. Әбу Ханифа мән-жайға қаныққан соң, бұл туралы ешкімге айтпауды бұйырады. Сосын ертеңінде таң намазына жұрт мешітке жиналғанда мінберге шығып: – Әй, тауыс құсын ұрлаған адам, ең құрығанда мешітке келеріңде, басыңа жабысып қалған қауырсынды қақпадың ба? – дейді. Осы кезде көпшілік ішінен бір адам жалма-жан басын сілкілей бастайды. Жұрт тарағаннан кейін имам әлгі адамды жеке шақырып алып құсты иесіне қайтаруын бұйырады.

date09.08.2017readCount1861printБасып шығару