Қарбыздың денсаулыққа пайдасы

Жазғы ыстықтарда үлкендер мен балалардың шөлін басатын жолақты жеміс — қарбыз. Қарбыздың тәтті жұмсағы шөліңізді басып, ағзаңызға аз пайда әкелмейтіні белгілі. Қарбыздың құрамында қандай ағзаға қажетті құнарлы заттар бар және оны қандай мөлшерде жеу керек?

Қарбыз тек керемет дәмімен ерекшеленбейді. Бұл жемістің адам денсаулығына пайдасын құрамында В, С, РР дәрумендерінің болуымен түсіндіруге болады. Бөтекеде тас көп болғанда және қуыққа байланысты сырқаттар болғанда ғана қарбызды аз мөлшерде жеу керек болады. Құрамында темірдің болуына байланысты тәтті қарбыз қан аздықпен күресуге мүмкіндік береді. Қарбыздың жұмсағын жеу адамға күш беретіні белгілі. 

Қарбызды таңдау кезінде соққыдан жарылыстың болмауын тексеріңіз. Себебі қарбыз жол үстінде немесе басқа жағдайда соғылған кезде аз ғана жарылып, жарылған жерге бактериялар түсуі мүмкін. Ал бактерия түскен қарбыздың жұмсағын жеу сіздің денсаулығыңызға зиян әкелмесе, пайда әкелмейді.
 
Қарбыз ас қорытуға, жүрек жұмысына және қан айналысының реттелуін жақсы көмектеседі. Қарбыздың жұмсағы мен одан дайындалған шырын ағзадағы шлактарды сыртқа шығарып, иммунитетті жақсартады. Қарбыз несеп жұмыстарын жақсартады. Тек қарбызға арналған диетада бар. Бірақ оны 5 күнннен артық ұстауға болмайды. Қарбыздың 100 грамм жұмсағында бар болғаны 25 ккал. бар. Қарбызды жегеннен кейін ұзақ уақыт бойы тоқ жүресіз.
 

Күніне қарбызды қандай мөлшерде жеу керек?

Қарбызды кішкентай балаларға 2 жасқа толғаннан кейін жегізуге болады. Бөтекеде тасы бар және қант диабетімен ауыратын адамдарға қарбызды аз мөлшерде қолдану керек немесе мүлдем қолданбау керек. Басқа жағдайларда қарбызға шектеу жоқ. Яғни оны өзіңіз қалағанша жеуіңізге болады.

Қарбыздың қауіпсіз екендігін білу үшін оның төбесін үшбұрыштап кесіп алып, жұмсағын таза суға салу керек. Егер сұйықтық қызғылт түске боялса, онда қарбыздың нитраттар көмегімен өсірілгендігін көрсетеді.

Қарбыздың қауіпсіз екендігін дәлелдейтін тек оның толық піскен уақыты. Егер сіз қарбызды жаздың соңында немесе күздің басында сатып алсаңыз, оған адам денсаулығына зиян келтіретін әр түрлі химикаттар қосылуы әбден мүмкін. Көктемнің соңында және жаздың басында табиғи түрде өз еркімен піскен қарбызды табу мүмкін емес. Бұл жемістердің ерте өнім беретін сорттары жоқ. Сондықтанда ең дұрысы жаздың шілде айының орта тұсында алғаныңыз жөн.

kenester.kz

date15.08.2017readCount1604printБасып шығару