Қылтамақ неден болады?

Қылтамақ - өңештің қатерлі ісігі. Қылтамақ, немесе өңеш обыры - өңеш кілегейінде пайда болатын, сырқатқа өте қасірет туғызатын кекті ісік болып келеді. Бұл ауруға негізінен 45 - 75 жастағы адамдар шалдығады. Бірақ сырңат бұдан да жас немесе кәрі адамдарда да кездеседі. Қазақстан қылтамақ жиі кездесетін елдердің қатарына жатады. Әсіресе Ақтау, Қызылорда облыстарында бұл сырқат өте жиі кездеседі. Мұның себебі өте ыстықтай тамақ ішу, қатқан, кептірілген ет, балық жеуден деп табылуда. Біздің Ақмола облысында жылына 57-60 адамдай қылтамақ ауруына шалдығады[*].

 

Ауру мен себептері

Мұндай ісік өңештің ішкі қабығының эпителий ұлпасында пайда болады. Қылтамақ жастардан гөрі егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Кейбір өңеш ауруларының асқынуы (фиброма, папилома, полип т.б.), күйік, өңеш жаралары қылтамаққа ұшыратады. Қылтамақтың басталуына үнемі ыстық тамақ ішу, сүр етті жиі жеу, тамақты асығып және шала шайнап түйіле жұту себеп болады. Мұның салдарынан өңештің кілегей қабығы қабынады.

Осы жерде айта кететін өкінішті жағдай - бұл сырқаттың кеш анықталуы. Өткен жылдары біздің диспансердің есебі бойынша 3-ші және 4-ші саттамада 81- 83% ауру анықталды. Бұл біздің халқымыздың өз денсаулығына аса мән бермейтіні, басылар деп отыра беретінін көрсетеді. Қылтамақ біріншіден созылмалы аурулардың салдарынан пайда болады (созылмалы эзофагит, өңеш полиптері, жиі жарақаттанған орындарда, яғни ыстық, немесе қатты тамақпен, күшті алкоголь, темекі уыттары)[*].

 

Белгілері

Қылтамақтың алғашқы белгілерін адам сезбеуі мүмкін. Негізгі белгілері: қою, кейінірек сұйық асты жұту біртіндеп қиындайды немесе ас өңеште түйіліп тұрғандай сезіледі. Ауру күн өткен сайын асқындап, түйілу жиілей береді. Жүдеп, дене салмағы тез кемиді, әлсіз болады, терісі бозарып сарғыш тартады. Кекірік пайда болып, бара-бара сұйық ас та жүрмей қалады. Кейде дене қызуы көтерілуі мүмкін.

Қылтамақ бұрынғы химиялық күйген орындарда да пайда болуы мүмкін. Қылтамақтың ең бірінші белгісі - ол тамаққа түйілу. Алғашында адам сау жүріп бір-екі рет түйілуі мүмкін. Кейіннен түйілу 2 айға дейін қайталанбауы мүмкін - бұл өте қауіпті. Екінші бір белгілері тамақ ішкен кезде кеуде сүйегінің асты, «жүрек басы» шаншуы, күйдіріп тұруы. Кеуде асты, асқазан толып тұрғандай сезіну. Кейде ауызға сілекей, ақ көбік келуі мүмкін. Аурудың бастапқы кезінде әлсіреу, жүдеу сияқты өзгерістер сезінбейді. Түйілу қайталанып асқына берген сайын ғана адам жүдей бастайды[*].

 

Алдын-алу шаралары

Қылтамақтан сақтандыру үшін тамақ ішкенде асықпай, әбден шайнап жұту, өңеш қабынып ауырғанда асқындырмау емдету қажет.

Қылтамақты қазіргі уақытта емдеу болады. Біздің диспансердің қабырғасында осы сырңатңа операция жасау, сәуле мен емдеу, химиялық дәрілермен емдейтін барлық мүмкіндіктер бар. Емдеу мүмкіншілігі сырңатты ерте анықтауына байланысты. Сондықтан жоғарыда айтылған белгілердің бір, екеуін сезсеңіз дереу дәрігерге барыңыз. Сырқатты анықтау үшін рентгенге түсіру, эндоскопиялың ңарау әдістері біздің әр ауданда қолданылады деп айтуға болады. Ал біздің диспансердің қабырғасында сырңат толық анықталып емдеу әдісі тағайындалады. Бұл қатерлі аурудың алдын алу салауатты өмір қалпын сақтаңыз: ыстық, қатты, өте ащы астан бас тартыңыз. Жатарда тамақ ішпеңіз. Созылмалы ауруларды уақытында емдеп отырыңыз[*].

Аурудың алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге қаралу, хирургиялық операция және дәрі ішу.[1]

[1] Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

[*]  Целиноград аудандық емханасы СӨС маманы: А. ЖАҢАБЕРГЕНОВА

date07.09.2017readCount1880printБасып шығару