Мейіздің қандай пайдасы бар?

Мейіздің пайдалы қасиеттерін ежелгі Қытай елінде жақсы білген екен.  Оның қасиеті құрамындағы минералдар мен құнарлы заттарға байланысты.

Мысалы бета-каротин және каратиноидтар, дәрумендер мен кальций көздің көру қабілетін сақтап, қабынудан қорғайды.

Мейіздегі фенольды қоспалар қатерлі ісік жасушаларының өсуін тоқтатады. Сондықтан мейізді кез-келген жеміс десерті мен жеміс нәрсуларына қосуға болады. Мейіз жасұныққа бай болғандықтан асқорыту жүйесінің қызметін жақсартып, қалпына келтіреді. Сондықтан іштің қатуын болдырмайды. Кептірілген жеміс құрамындағы бор  есте сақтау қабілеті мен зейін қоюды жақсартып, жүйке жүйесі ауруларының алдын алады.

Қара мейізде темір мен В дәрумені көп. Бұлардың ағзадағы жетіспеушілігі қаназдық дертіне әкеледі. Кептірілген жемістің жарты кесесінде темірдің ағзаға қажетті 5 пайыздық  мөлшері бар.

Емдәм ұстанатын адамдар үшін мейіз тәттілерді алмастыра алады.

Мейіз ішіндегі жасұнық тіс бетін тазалап, қызыл иекті нығайтады, ал қышқылдар ауыз қуысындағы бактерияларды жойып, тісжегінің пайда болуының алдын алады.

Мейіз ағзадағы холестерин мөлшерін азайтып, жүрек-қан-тамыр жүйесінің жағдайын жақсартады.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

date07.09.2017readCount1502printБасып шығару