Қажылықтан келген сый

Кезінде қажылықтан келген шәкірттері ұстаздарына әртүрлі сыйлық әкеліп береді. Ұстаздары сыйлықтарына ризашылығын білдірген соң:
- Шәкірттерім, Алла қажылықтарыңды қабыл етсін! Сыйлықтарыңа рахмет, бірақ маған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мінезін, Әбубәкірдің (р.а.) шыншылдығын, Омардың (р.а.) әділдігін, Османның (р.а.)  ұяңдығын, Әлидің (р.а) өжеттілігін ала келсеңіздер жақсы болар еді", - депті.
Яғни, сондай сипаттармен өзгеріп келудің абзалдығына меңзеген екен. Алла баршамызға қажыға баруды, ал баратын болсақ, жақсылыққа қарай өзгеруді нәсіп етсін!

Қуат Қабдолда
date09.09.2017readCount1165printБасып шығару