Қайғы-қасіреттен Алланың өзі сақтайтын дұға

Хасбиаллаһу лә иләәһә иллә һуә ‘аләйһи тәуәккәлту уә һуә Раббуль-‘аршил-‘азыйим. (7 рет)

Мағынасы: «Бір Алла маған жеткілікті, Одан басқа тәңір жоқ. (Уа, Аллаһым!) Бір Өзіңе тәуекел еттім. Ол – ұлы Аршының Раббысы»[1].

Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадис-шәріпте Әбу Дәрда (р.а.) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы аят жайында былай дегенін жеткізген: «Кімде-кім таңертең және кешке мына аятты жеті рет оқитын болса, мейлі шын беріліп оқысын, мейлі үстірт оқысын, оны кез келген қайғы-қасіреттен Алланың Өзі сақтайды (яғни, Алла Тағала оны қайғы-мұңнан және дүние тіршілігінің басқа да ауыртпалықтарынан сақтайды)»[2].


[1] "Тәубә" сүресі, 129-аят

[2] Сунәну Әби Дәууд

date11.09.2017readCount4362printБасып шығару