Құрманғазы атамыз бір қуғыннан қалай аман қалды?

Қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы патша үкіметі тұсында жала жабылып, түрмеге қамалады. Ол бір күні түрмеден қашып, өзен жағасымен келе жатқанында артынан қуғыншылар келіп қалыпты. Қуғыншыларды көрген Құрманғазы жағада өсіп тұрған қамысты сындырып алып, аузына салыпты да, су астына сүңгіп барып, жата қалыпты. Аузындағы қамыстың бір ұшын судың бетіне шығарып қойып, өзен түбінде сол арқылы ауа жұтқан. Қуғыншылар Құрманғазының ізін таба алмай кейін қайтады. Сөйтіп кемеңгер композитор тапқырлығы мен суға сүңги білгендігінің арқасында аман-есен жаудан құтылып еліне жеткен екен.

date18.09.2017readCount988printБасып шығару