Балаңыз күресе ала ма?

Баланың денесін шынықтыру үшін қажетті спорт түріне күресті де жатқызуға болады. Оны да Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ата-аналарға хадистерінде айтып, өсиеттеген. Мұхаммед ибн Әби Әлиден жеткен мүрсәл бір хадисте хазірет Хасан мен Хұсейіннің (р.а.) Пайғамбарымыздың алдында күресетіндіктері айтылады. Сонда Пайғамбарымыз Хасанға жақтасатын көрінеді. Оның себебін сұрағандарға: «Хұсейінге Жәбірейіл көмектесуде, мен болсам Хасанға көмектескенді ұнатамын», - деп жауап берген екен[1].

Ибн Хишамның жеткізген бір мәліметі бойынша Пайғамбарымыздың өзі де күрескен. Сол кездегі Меккенің атақты балуаны Руқәнә ибн Әбди Язид мұсылман болу үшін мұғжиза ретінде Пайғамбарымыздың өзімен күресіп, жауырынын жерге тигізуін талап етеді. Айласы мен күшіне сенген Руқәнәні Пайғамбарымыз алып ұрып, таң қалдырады[2].


[1] әл-Мәтәлибул-әлия, 4.72 (306-б. Жанан)

[2] Ибн Хишам, 1/390-391

date25.09.2017readCount590printБасып шығару