Пияздың емдік қасиеті

  • Пиязда кездесетін табиғи қанттың мөлшері алма мен алмұрттың құрамындағы мөлшерінен көбірек. Пияздың бөліктерінде 6% қант бар. 
  • Пияз - артық майдан арылуға көмектесетін көкөніс. Тіпті, пияз емдәмі де бар көрінеді. Емдәм уақытында тек пияздан жасалған көже ішу керек.
  • Пияз өсіретін жылыжайда жұмыс істейтін адамдардың тұмау індеті кезінде де тұмаумен ауырмайтыны байқалған. 
  • Иммунитетіңізді күшейтіп, суық тимес үшін күніне жарты пияз жек керек. 
  • Пияздың ара, сона шаққанда ауырсынуды басатын әсері бар. Ол үшін шаққан жерге бірден пияз шырынын жағып қойсаңыз жеткілікті. 
  • Пияздың құрамындағы дәм мен иіс беретін заттар қатерлі ісік жасушаларымен күресетін әсерге ие екендігі ғылыммен дәлелденген.
  • Пияз тәбетті ашады. Оған қоса, астың сіңімділігін арттырып, ағзаның жұқпалы ауруларға төтеп беруіне себін тигізеді. 
  • Пияздың бактерицидті және зарарсыздандыратын қасиеті бар. 
  • Пиязбен жәндіктердің шағуын емдеуге болады. Ол үшін шаққан жерге пияз бөлшегін басып қою қажет. Пияз уды сорып алып, ісінуді басып, терінің тез жазылуына көмектеседі.
  • Пияз шырынын жөтелді басатын тамаша дәрі деуге болады. Алайда оны ішу де оңайға соқпайды. Сондықтан жөтел кезінде құлағыңызға пияз шырынын тамызып қойғаныңыз жөн. Пияз шырыны қанға түсіп, жөтелден арылуға себін тигізеді.  
  • Пияздың ыстықты түсіретін әсері де бар. Егер баланың ыстығы көтерілсе, пиязды дөңгелектеп турап, алма сірке суына салып алу керек. Артынша шұлықтың көмегімен пияз дөңгелектерін табанға басып қою керек. Оған қоса, пияз бөлшектерін құлаққа салып қойған дұрыс. Нәтижесінде баланың ыстығы жылдам түседі. 
date26.09.2017readCount791printБасып шығару