Бұл дұғаны оқығанға Алла Тағала: «Менің құлым дұрыс айтты» дер

Әлхамду лилләһи-лләзи халәқан-нәумә уәл-яқазатә. Әлхамду лилләһи-лләзи ба‘асәни сәәлимән сәуийә. Әшһәду әннАллаһа юхил- мәутә уә һуә ‘алә кулли шәй'йн Қадиир.

Мағынасы: Бар мадақ пен шексіз шүкіршілік ұйқыны және ояулықты жаратқан Аллаға тән. Сондай-ақ, мені амандықта (он екі мүшемді сау-сәлемет күйінде) қайта тірілткен Аллаға мақтау айтамын. Алланың өлілерді қайта тірілтетіндігіне куәлік етемін. Ол − барлық нәрсеге құдіретті.

Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген бір хадисте осы дұғаға қатысты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім ұйқыдан тұрғанда мына дұғаны оқитын болса, дұғасын бітірген соң Алла Тағала: Менің құлым дұрыс айтты – деп жауап қатады», − деген. Міне, осылайша Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оқылған жағдайда бізді Алланың Өзі растайтын осынау керемет дұғаны тарту етіп отыр[1].


[1] әл-Фирдаус Бимә сурил-хитаб, 4-том, 21-бет, 6059-хадис

date27.09.2017readCount2477printБасып шығару