Кейбір тағамдар жайлы қызықты деректер

Алма ағашы – раушан гүлінің туысы. Енді сізге раушан гүлінің орнына алма ағашының гүлін сыйға тартуыңызға әбден болады. Сондай-ақ, алмұрт, миндаль, шие, қара өрік – барлығы «раушангүлділер» ботаникалық отбасына жатады.

Банан – жеміс емес. Банан ағашы шөп болып табылады.

Ал, кофе – жидек. Анығырақ айтсақ, кофе ағашының жидегі.

Әлемде ең көп таралған сүт – ешкі сүті.

Сәбізді ең алғашында жеу үшін емес, оның жасыл шөбін хош иісті тағамдық дәмдеуіш және дәрі ретінде қолданған. Еуропада ол әрі жеміс, әрі көкөніс болып саналады.

Күрішті жер шарының жартысы қолданады. Кейбір ислам елдерінде күріштің бір түйірін ғана (ол 0, 0186 г-ға тең) өлшеу нормасы бар.

Құлпынайда апельсинге қарағанда С дәрумені көбірек. Ал, ақжелкен (петрушка) мен тәтті бұрышта одан да көп.

Қызанақ ұзақ уақыт улы саналған. Себебі, оның жидегі картоптікімен өте ұқсас, ал картоп алғашында улы болған.

date19.10.2017readCount422printБасып шығару