Таяқ жеген шәкірт

Парсы патшаларының бірі баласын оқыту үшін ұстаз жалдайды. Шәкірттің білімі мен тәрбиесі кемелденгенде, ұстазы бір күні оны шақырып алып, еш себепсіз аямай таяқтап тастайды. Патшаның баласы іштей кек сақтап қалады.

Арада көп жылдар өтіп, әлгі бала әкесінің орнына таққа отырады. Сол кезде баяғы ұстазын шақыртып, сол жолы өзін неге себепсіз ұрғанын сұрайды. Сонда ұстазы оған: «Әй, ханзада, білімің толысып, сенің ақыл-парасатың өскенін көргенде, мен түбі сенің таққа отыратыныңа көз жеткізген болатынмын. Сол себепті кейін ешкімге жөнсіз тиіспесін, әділетсіз таяқ жегеннің қандай болатынын сезінсін, білсін деп сабап едім», – деп жауап береді.

Патша бұны естігенде, ұстазына қатты разы болып, мол сый-сияпат беріп шығарып салыпты.    

Құдайберді Бағашар
date15.11.2017readCount625printБасып шығару