Күнделікті зімбірмен ауқаттанудың 5 себебі

Зімбір – ғаламшарымыздағы ең пайдалы әрі дәмді дәмдеуіштің бірі. Ол – құнарлы заттарға, биологиялық белсенді қосылыстарға бай. Зімбір мен лимон шайын ішкіңіз келе ме? Мүмкін зімбір қосылған салат қалайтын боларсыз? Әрине, ол әркімнің өз таңдауы. Ал біз күнделікті зімбір тұтынудың денсаулығыңыз бен ағзаңызға тигізер 5 түрлі пайдасын сөз етпекпіз.

Зімбір – күшті антиоксидант

Зімбірге ерекше дәм мен иіс беретін – құрамындағы табиғи майлар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – гингерол. Ол – зімбірдің көптеген пайдалы қасиетін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді қосылыс. Жалпы, гингеролды қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсері бар күшті құрал ретінде білеміз. Бұл табиғи май ағзаңызға жұқпалы індетке, күйзеліске төтеп беріп, күш-қуатыңызды ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі.

Жүрек айнуын басады

Жүргізілген зерттеу жұмыстары зімбір тамырының жүрек айнуына қарсы тиімді құрал екендігін көрсетті. Бұл дәмдеуіштің теңіз ауруына шалдыққанда көмектесендігі жайлы аңыздар да жоқ емес. Тіпті, кей ғалымдардың айтуынша, зімбірдің жүрек айнуына қарсы әсері әйгілі дәрі-дәрмектерден артық. Ол қан қысымының өзгеруі, бас жазу синдромы, отадан кейін қалпына келу кезеңінде жүрек айну белгілерін басады.

Бұлшық ет ауруын жеңілдетеді

AuthorityNutrition.com көрсеткен зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, қатысушылары 11 күн бойы 2 грамм зімбір тамырын тұтынғаннан кейін, денеге түш түсіретін жаттығулары себепті пайда болған бұлшық ет ауруы бірнеше есе жеңілдеген. Зімбір бұлшық етке тікелей әсер етпегенімен, оның қабынуға қарсы әсері тән ауруын басады. Сонымен қатар етеккір мерзімінде ұнтақталған зімбірді тұтыну ауырсыну сезімінің жеңілдеуіне себін тигізетіні дәлелденген.

Зімбір сусамыр дертіне шалдығу қаупін төмендетеді

Бұл зерттеу жұмыстарындағы жаңа бағыт саналғанымен, ғалымдар зімбірдің сусамырға қарсы қасиеті бар деп топшылайды. 2015 жылы сусамырдың ІІ түріне шалдыққан 40 науқастың қатысуымен жүрзізілген тәжірибе барысында, тұрақты түрде ұнтақталған зімбір тұтыну (аш қарынға 2 граммнан) науқастардың қанындағы қант деңгейін 12%-ға дейін түсіруге көмектескен. Алайда мұндай нәтиже тек зерттеу жұмысы барысында ғана байқалған және қол жеткізген мәліметтер ауқамды тәжірибе жұмыстарымен  дәлелденуі тиіс.

Зімбір ми қызметін жақсартады

Қышқылдандыратын күйзеліс және созылмалы қабыну қартаю процесін жалдамдататыны белгілі. Және дәл осы факторларды Альцгеймер дертімен және жасқа байланысты когнитивті бұзылыстармен байланыстырады.  Жануарларға жүргізілген зерттеу жұмыстарының бірқатары зімбір құрамындағы антиоксиданттар мен белсенді қосылыстар мида орын алатын қабыну реакциясын баулататынын көрсеткен.

Мұнан бөлек, зімбірдің ми қызметін жақсартатын әсерге ие екендігі жөнінде деректер де бар.Орта жастағы 60 әйел адамның денсаулығын бақылауға алған зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, тұрақты түрде зімбірді тұтыну реакция жылдамдығын, есте сақтау мен есептеу дәлдігін жақсартады.

date25.01.2018readCount561printБасып шығару